Қазақстанда Орталық Азия елдерінің парламентаралық ассамблеясының бірінші отырысы өтті
(last modified Mon, 13 Feb 2023 12:22:16 GMT )
Ақп 13, 2023 18:22 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Орталық Азия елдерінің парламентаралық ассамблеясының бірінші отырысы өтті

Орталық Азия елдерінің парламентаралық ассамблеясының бірінші отырысы Қазақстанның Түркістан қаласында өтті.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Мәулен Әшімбаев осы отырысты ашып, кейін Орталық Азия елдері Парламенттерінің төрағалары сөз сөйледі.

Бұл отырыста аймақ елдері арасында стратегиялық  ынтымақтастықты жан-жақты нығайту, ортақ тарихи-мәдени мұра негізінде мәдени-гуманитарлық әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында Түркістан декларациясы бекітілді. Бұл құжатта Орталық Азияда экономикалық ынтымақтастық кеңейту және бірыңғай тарихи-мәдени кеңістік қалыптастыру үшін парламентаралық қарым-қатынасты одан ары дамытудың перспективасы қарастырылған.