Ақп 15, 2023 17:44 Asia/Almaty
  • Әлемдегі коронавирус індетін  жұқтырғандар мен оның салдарынан қайтыс болғандардың соңғы статистикасы

Әлемдегі соңғы статистикаға сәйкес, бүгінге дейін 677 миллион 879 мың 594 адам коронавирусын жұқтырған және 6 миллион 784 мың 227 адам қайтыс болған.

Америка жұқтырғандар мен өлім-жітімнің жалпы саны бойынша көш бастап тұр. Бұл елде осы уақытқа дейін 104 миллион 803 мың 151 адамның індетті жұқтырғаны тіркеліп, соның салдарынан 1 миллион 140 мың 401 адам қайтыс болды. Кеше АҚШ-та науқастар санына 10 125 жаңа жағдай қосылып, 140 адам қайтыс болды.

Жапонияда коронавирус жұқтырған  жаңа 31 703 адам тіркеліп, 135 адам қайтыс болды, сөйтіп қайтыс болғандар саны 70 923  жетті.

Мексикада инфекцияның 9 мың 245 жаңа жағдайы тіркеліп, 73 адам қайтыс болып, қайтыс болғандар саны 332 653 адамға жетті.

 

Тегтер