Ақп 17, 2023 19:08 Asia/Almaty
  • Раиси Тәжікстан үкіметі мен халқына көңіл айтты

ИИР Президенті өзінің тәжік әріптесіне жолдауында Бадахшан облысында болған қар көшкіні салдарынан бірқатар адамның қаза тапқанына байланысты көңіл айтты.

Сәрсенбі күні Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанның шекарасындағы Бадахшан автономды облысының бірнеше ауданында болған қар көшкінінен осы сәтке дейін 17 адам көз жұмды.

Иран Президенті Ибрахим Раиси Тәжікстан Президенті Имомали Рахмонға хат жолдап, осы елдің үкіметі мен халқына Бадахшан облысында болған қар көшкіні салдарынан бірқатар адамның қаза тапқанына байланысты көңіл айтты.

Тегтер