Иран мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда- саттық көлемі 18 млрд долларға артады
https://itolqyn.com/news/world-i6772-Иран_мен_Оңтүстік_Корея_арасындағы_сауда_саттық_көлемі_18_млрд_долларға_артады
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Валиолла Афхамирад Иран мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда- саттық көлемінің 18 млрд долларға артатынын хабарлап:
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 03, 2016 20:59 Asia/Almaty
  • Иран мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда- саттық көлемі 18 млрд долларға артады

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Валиолла Афхамирад Иран мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда- саттық көлемінің 18 млрд долларға артатынын хабарлап:

"Иран мен Оңтүстік Кореяның сауда- саттық байланысы технология алмасу және ортақ инвестиция салуға қарай бет алуда. Оңтүстік Корея үкіметі Иранға 25 млрд долларды құрайтын кредит береді. Оңтүстік Корея мен Иранның жекеменшік бөлімдері арасында 18 меморандум мен келісімшартқа қол қойылды. Станса салу, болат өндіру, ауыл шаруашылығы машиналары және теңіз портын салу осы меморандумдардың қатарын құрайды" деді.