Иран мен Чехия республикасының байланыстарын кеңейту қуатталды
Иранның Атом Қуаты ұйымының төрағасы Иран мен Чехия республикасының санкциялардың күші жойылғаннан кейін байланыстарын кеңейту үшін жақсы негіздердің бар екендігін айтты.
Чехия республикасына сапармен барған Иран Атом Қуаты ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи Прагада осы елдің Сыртқы істер министрі Любомир Заоралекпен кездесуінде: "Екі ел ынтымақтастығының өткені мен Иранға қарсы санкциялардың күші жойылуы негізінде қос жақты байланысты, әсіресе мұнай- химия, транспорт және энергия саласында кеңейту бағытында инвестиция салу үшін көптеген мүмкіндіктер бар" деді.
Салехи Иранның «алтылық» елдерімен ядролық келіссөздеріне сілтеме жасап: «Осы келіссөздер Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің ынтымақтастығымен сенім қалыптастырып, «ұтыс-ұтыс» формуласымен ядролық келісімге жағдай жасады» деді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Чехия республикасының Сыртқы істер министрі де Иран Атом Қуаты ұйымының төрағасымен кездесуден кейін елінің Иранмен дипломатиялық байланыстар деңгейін жоғарылатуға дайын екендігін айтты.