Раиси: Еуроодақтың басшылары Иранның қисынды талаптарын мойындады
https://itolqyn.com/news/world-i67786-Раиси_Еуроодақтың_басшылары_Иранның_қисынды_талаптарын_мойындады
Иран Президенті: "Еуроодақтың басшылары санкцияларды жою туралы келіссөздерде Иранның қисынды талаптарын мойындады",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 20, 2023 22:41 Asia/Almaty
  • Раиси: Еуроодақтың басшылары Иранның қисынды талаптарын мойындады

Иран Президенті: "Еуроодақтың басшылары санкцияларды жою туралы келіссөздерде Иранның қисынды талаптарын мойындады",-деді.

Ибрахим Раиси Қытайдың CGTN арнасына берген сұхбатында: "АҚШ пен Еуропа келісім жасауды қалаймыз дейді, бірақ іс жүзінде олай емес",-деді.

Раиси Батыс елдерінің қатаң санкцияларын Иран халқына қарсы соғыс деп атап: "АҚШ пен Еуропа келіссөздер үстелінен кетіп, Ирандағы бүлікті қолдау арқылы қатты қателесіп отыр",-деді.  

Иран Президенті сондай-ақ Теһран-Бейжің ынтымақтастығын түрлі салаларда дамыту керегін айтып, екіжақты қарым-қатынасты терең деп сипаттады.