Раиси: Еуроодақтың басшылары Иранның қисынды талаптарын мойындады
Ақп 20, 2023 22:41 Asia/Almaty
Иран Президенті: "Еуроодақтың басшылары санкцияларды жою туралы келіссөздерде Иранның қисынды талаптарын мойындады",-деді.
Ибрахим Раиси Қытайдың CGTN арнасына берген сұхбатында: "АҚШ пен Еуропа келісім жасауды қалаймыз дейді, бірақ іс жүзінде олай емес",-деді.
Раиси Батыс елдерінің қатаң санкцияларын Иран халқына қарсы соғыс деп атап: "АҚШ пен Еуропа келіссөздер үстелінен кетіп, Ирандағы бүлікті қолдау арқылы қатты қателесіп отыр",-деді.
Иран Президенті сондай-ақ Теһран-Бейжің ынтымақтастығын түрлі салаларда дамыту керегін айтып, екіжақты қарым-қатынасты терең деп сипаттады.
Тегтер