Ақп 20, 2023 23:01 Asia/Almaty
  • Камалванди: АҚХА-ға мүше елдер бұл ұйымның саяси мақсатта қолданылуына жол бермеуі керек

Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі: "АҚХА-ға мүше елдердің міндеті – оның кәсіби орнын сақтап қалу. Олар осы халықаралық ұйымның саяси мақсаттарда қолданылуына жол бермеуі тиіс",-деді.

Bloomberg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚХА тексерушілері өткен аптада Иранда 84 пайызға байытылған уран анықтады.

Бехруз Камалванди жексенбі күні IRNA агенттігіне берген сұхбатында осы хабар туралы: "Жарияланған ақпарат шындықты бұрмалап, Иранға күйе жағуды көздейді. Өндіріс барысында 60 пайыздан аса байытылған уран бөлшегі немесе бөлшектерінің болуы оны 60 пайыздан асыра байыту дегенді білдірмейді",-деді.

Камалванди ИИР-дың осы күнге дейін уранды 60 пайыздан аса байытпағанын айтып: "Өкінішке қарай, АҚХА кейбіреулердің қысым жасау құралына айналды. Мұндай қатынас осы халықаралық ұйымның беделіне теріс әсер етеді",-деді.

Тегтер