Америкадағы президенттік сайлау жөніндегі сауалнама қорытындылары жарияланды
(last modified Tue, 03 May 2016 15:28:54 GMT )
Maм 03, 2016 21:28 Asia/Almaty
  • Америкадағы президенттік сайлау жөніндегі сауалнама қорытындылары жарияланды

«Rasmussen» консервативтік кеңсесінің жүргізген сауалнамасы бойынша Америкадағы партиялардың ішіндегі президенттік сайлауларында республикашыл партияның көшбасшы үміткері демократ партиясының үміткерінен озық шықты.

ИРНА-ның бүгін, сейсенбі күнгі хабарлауынша, «Rasmussen Reportes» қоғамдық пікірді сынаушы консервативтік кеңсенің жаңа сауалнамасы америкалық миллиардер әрі республикашыл партияның көшбасшы үміткері Дональд Трамптің бұрынғы Америкадағы президенттік сайлаудағы демократ партиясының көшбасшы үміткері Хиллари Клинтонды жеңуге жақын қалғанын көрсетеді.

«Rasmussen» кеңсесі өзінің жаңа сауалнамасының қорытындыларын жариялады. Соған сәйкес, егер Америкадағы президенттік сайлау бүгін өтсе, Трамп 41 пайызбен дауыстың 39 пайызын жинаған Клинтоннан басым түсетін болады.

Америкадағы президенттік сайлауға қатысты ақпараттар мен сауалнама қорытындыларын жинастыратын «Real Clear Politics» торабының мәлімдеуінше, кеңселер мен оңшыл, солшыл және тәуелсіз ақпарат құралдарының жуықтағы барлық сауалнамалараның қорытындылары Хиллари Клинтонды осы ықтималды бәсекенің жеңімпазы деп атаған болатын.

«Real Clear Politics» торабының көрсеткішіне сай, соңғы бір айдың ішіндегі сауалнамалардың орта есебі Хиллари Клинтонның дауыстардың 47 пайызын иемденудің нәтижесінде 40 пайыз дауыс жинаған Трамптан алда екенін көрсетеді.