Канани: Сионистік режим қолдау білдіріп, инвестиция салуға тұрмайды
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Сионистік режим құлау алдында тұр, сондықтан қолдау білдіріп, инвестиция салуға тұрмайды",-деді.
Насер Канани бейсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында сионистік режимнің бұрынғы Премьер-министрі Яир Лапидтың осы режимнің құлайтыны туралы сөздеріне тоқталып: "Израильдің Сыртқы істер министрі Эли Коэн жаңа елдер бітім пойызына қосылып жатыр деп жатса, осы режимнің бұрынғы Премьер-министрі Израильдің алдағы алты айда іштен ыдырайтынын ескертті",-деп жазды.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "АҚШ үкіметі сионистік режимнің стратегиялық одақтасы және ең ірі демеушісі ретінде осы режимді одан әрі қолдап, кейбір елдерге осы режиммен қарым-қатынасты қалыптандырсын деп жан-жақты қысым жасауды жалғастыра алады, бірақ Израильдің түп-тамырсыз режимінің құлдырап, іштен ыдырауына еш әсер ете алмайды",-деді.