Ақп 24, 2023 22:26 Asia/Almaty
  • Қалалық су басқармаларының аймақтық кеңесінің мүшелері су ысырап болмауы үшін заманауи технологиялар пайдалану керегін айтты

Иранның Энергетика министрінің айтуынша, Қалалық су басқармаларының аймақтық кеңесінің мүшелері суды ысырап қылмай, су көздерін тиімді басқару үшін заманауи технологиялар пайдалану керегін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлиакбар Мехрабиан бейсенбі күні Иранның Энергетика министрлігі штабында өткен Су басқармалары кеңесінің он үшінші форумы аясында тілшілерге берген сұхбатында: "Бұл кеңес – су саласында жұмыс істейтін ең ірі аймақтық және халықаралық орган. Ол көбіне Батыс Азия, Орталық Азия және Солтүстік Африка аймақтарында жұмыс істейді",-деді.

Әлиакбар Мехрабиан: "Бұл форумның басты мәселелерінің бірі кеңеске мүше елдердің аймақта болып жатқан климаттық өзгерістердің салдарын басқару және әлеуметтік-экономикалық даму жолында аймақ елдерін біріктіруші фактор ретінде су мәселесіне көңіл бөлу болды. Сондай-ақ химиялық ластануға қарсы тұрып,  қала және ауылдардағы тұщы судың сапасын арттыру үшін тәжірибе алмасу мәселесі де қарастырылды",-деді.

Тегтер