БҰҰ: Түркия өз тарихында ең ірі табиғи апатпен бетпе-бет келді
https://itolqyn.com/news/world-i67908
БҰҰ сарапшылары: "Түркия өз тарихында ең ірі табиғи апатпен бетпе-бет келді. Кемінде 500 мың үй қайта салынуы керек",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 24, 2023 22:47 Asia/Almaty
  • БҰҰ: Түркия өз тарихында ең ірі табиғи апатпен бетпе-бет келді

БҰҰ сарапшылары: "Түркия өз тарихында ең ірі табиғи апатпен бетпе-бет келді. Кемінде 500 мың үй қайта салынуы керек",-деді.

Түркияның төтенше жағдайлар басқармасының директоры Орхан Татар бейсенбі күні елдің оңтүстігінде 7,8 балдық жер сілкінісі болғаннан осы сәтке дейін 8550 афтершок болғанын айтып: "Біздің болжамымыз бойынша, алдағы күндері аймақта 5 балдық афтершоктар болады. Жұма күні таңертең Хатай облысында тағы жер сілкінді",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің "Хабар-7" түрік сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, соңғы күндері Түркияда болған бірнеше жер сілкінісі  салдарынан елдің оңтүстігінде 1,5 млн адам баспанасыз қалды.