Иран мен Арменияның сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр
(last modified Mon, 27 Feb 2023 17:52:56 GMT )
Ақп 27, 2023 23:52 Asia/Almaty
  • Иран мен Арменияның сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр

Иранның Еңбек және әлеуметтік қамту министрі Арменияның Еңбек және әлеуметтік қамту министрімен кездесуінде 3 млрд долларға жеткізуге мақсат қоюды екіжақты сауда көлемін арттыру жолдарының бірі деп атады.

Иранның Еңбек және әлеуметтік қамту министрі сейіт Сулат Мұртазави Ереванда Арменияның Еңбек және әлеуметтік қамту министрі Нарек Мкртчянмен кездесуінде екі елдің тарихи-өркениеттік байланыстарын еске алып: "Иран мен Арменияның әлеуеттері қысқа мерзімде сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік береді. Алдымен екіжақты сауда көлемін тез арада 1 млрд долларға жеткізуге күш салуымыз керек. Содан соң 3 млрд долларға жеткіземіз",-деді.  

Нарек Мкртчян осы кездесуде Армения мен Иран арасында терең достық қатынастың барына тоқталып: "Екі елдің еңбек министрліктерінің әл-ауқатты жақсарту, жұмыспен қамту, медициналық қызмет көрсету және техникалық білім беру орталықтарын дамыту саласындағы әріптестігі ортақ жұмыс топтарын құрумен кеңейе түседі",-деді.

Нарек Мкртчян Армения Еңбек министрлігінің ИИР Еңбек министрлігімен әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға толық дайын екенін мәлімдеді.