Прайс: Иранға қатысты барлық таңдау жолдары қарастырылып жатыр
(last modified Thu, 02 Mar 2023 10:55:41 GMT )
Нау 02, 2023 16:55 Asia/Almaty
  • Прайс: Иранға қатысты барлық таңдау жолдары қарастырылып жатыр

АҚШ Мемлекеттік хатшысы дипломатияны Иранды атом бомбасын жасаудан бас тарттырудың ең жақсы жолы деп уәж айтып: "Барлық таңдау жолдары қарастырылып жатыр",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нед Прайс сәрсенбі күнгі баспасөз отырысында Иранның ядролық бағдарламасы және Венада Иранға қарсы санкцияларды жоюға арналған келіссөздер туралы сұрақтарға жауап бере келіп: "Дипломатия – Иранды атом бомбасын жасаудан бас тарттырудың ең жақсы жолы. Бірақ барлық таңдау жолдары қарастырылып жатыр",-деді.

Ол Иранға қарсы негізсіз айыптауларды қайталап: "Біз өз тарапымыздан Иранның атом бомбасына қол жеткізуінің алдын алуға белді бекем буып отырмыз",-деді.  

Нед Прайс сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтарға шабуылдары мен қылмыстары туралы: "Біз Израиль Премьер-министрінен осы елдің Қаржы министрінің әл-Хавара ауылын жою туралы сөздерін айыптауды сұраймыз. Бұлай деу жауапсыздық әрі қатыгездікке шақыру болып саналады",-деді.