Мәскеу Иран мен Ресейдің халықаралық заңдарға сәйкес әскери ынтымақтастығын қуаттады
(last modified Fri, 03 Mar 2023 13:04:45 GMT )
Нау 03, 2023 19:04 Asia/Almaty
  • Мәскеу Иран мен Ресейдің халықаралық заңдарға сәйкес әскери ынтымақтастығын қуаттады

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран мен Ресейдің халықаралық заңдарға сәйкес әскери саладағы ынтымақтастығына тоқталды.

РИА Новости агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков біржақты болжамдарға қарамастан, Ресей мен Иранның әскери саладағы ынтымақтастығы ұлттық және халықаралық міндеттер мен заңдарға сәйкес екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Украина мен Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ билігі Ресей Украинаның инфрақұрылымына шабуыл жасау үшін қолданатын ұшқышсыз ұшақтарды Иран жасаған деп бірнеше рет мәлімдеген. Осыған байланысты Еуроодақ пен АҚШ Украинаның Иранға қарсы соғысында Иранда жасалған ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланғаны туралы дәлелденбеген уәждер негізінде жаңа санкциялар жариялады.

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан өзінің соңғы мәлімдемесінде Иранның Украина соғысына Ресей пайдасына араласуын жоққа шығарып: «Ресейге бірқатар ирандық ұшқышсыз ұшақтар Украинадағы соғыс басталғанға дейін жеткізілді»,- деді.