Гросси Агенттік Басқарушылар кеңесінің отырысы қарсаңында Теһранға сапармен келді
(last modified Sat, 04 Mar 2023 10:20:51 GMT )
Нау 04, 2023 16:20 Asia/Almaty

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Бас директоры кеше (жұма) ИИР-ның ресми өкілдерімен кездесу үшін Теһранға келді.

АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси Теһранға 2 күндік сапары барысында Иранның бірқатар жоғары лауазымды қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасады.

Өткен жылдары АҚХА Батыс тараптары мен сионистік режимнің Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасына қатысты кейбір уәждерін қайталады. Агенттік Басқарушылар кеңесінің 2023 жылғы бірінші отырысы келесі дүйсенбіде (6 наурызда) өтеді деп жоспарланған. 4 ай бұрын өткен отырыста АҚХА Басқарушылар кеңесі Иранға қарсы сыни қарар шығарып, Ираннан айтылған талаптарға қатысты техникалық түсініктеме беруді, сондай-ақ үлгілерді жинау  үшін тиесілі орындар мен жабдықтарға қол жеткізуді талап етті. Өткен апталарда батыстық БАҚ-та Иранның ядролық бағдарламасына қатысты уәждер айтылды, бұл Батыс тараптарының Басқарушылар кеңесінде Иранға қарсы жаңа қарар шығаруға жағдай жасау әрекеті ретінде қарастырылуы керек. Жақында американдық Bloomberg ақпарат агенттігі екі жоғары лауазымды дипломатқа сілтеме жасаған хабарында агенттік инспекторлары Иранның ядролық нысандарын тексеру кезінде 84% байытылған уран бөлшектерін тапқанын жазды.

Иранның Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі осы баяндамаға реакция білдіріп Иранның 60 пайыздан астам байыту жоспарының жоқтығын және өнім жиналған жерде байыту деңгейі жоғары ұсақ бөлшектердің табылуын табиғи нәрсе деп санайтынын баса айтты. Сонымен қатар, Wall Street Journal екі ақпарат көзіне сілтеме жасап, агенттік Басқарушылар кеңесіне Иранның ядролық нысандарында 84% байытылған уран бөлшектерінің табылғаны туралы тәуелсіз есеп беруді көздемейтінін хабарлады. Негізінде АҚХА инспекторлары Иранның ядролық нысандарына талай рет барғанымен, Иранның бейбіт ядролық бағдарламасының әскери мақсатқа ауытқығанын дәлелдейтін ешбір дәлел таппаған. Осыған қарамастан Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Батыс тараптары мен сионистік режим билігінің қысымымен Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық әрекеттеріне қатысты бірнеше рет мәлімдеме жасады. Әрине, бұл мәлімдемелер Иран мен АҚХА арасындағы ынтымақтастық жазбаларына сәйкес келмейді, өйткені Иран  Агенттікпен әрқашан оң қарым-қатынаста болды.