АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Сирия дағдарысы туралы уәждерін қайталады
(last modified Wed, 04 May 2016 10:04:49 GMT )
Maм 04, 2016 16:04 Asia/Almaty
  • АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Сирия дағдарысы туралы уәждерін қайталады

АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы «Башар Асад билік басында отырғанда Сирия соғысы аяқталмайды»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметінше АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сейсенбі күні өткен ақпарат отырысында: «Егер Сирия Президенті Башар Асад Сирияның солтүстігіндегі Алеппода қақтығыстарға қатысса атысты тоқтату келісімі бұзылады. Сириядағы қақтығыстар тоқтамаса, іс бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Ресей мен Сирия атысты тоқтату келісімін бұзып, соғысты қайтадан бастауға келіседі деп ойламаймын. Сириялық тараптар алдағы бір аптанның ішінде келіссөздер үстеліне оралуы керек. Дұшпандық әрекеттерді тоқтату Женева келіссөздеріне оралуға жағдай жасайды»,- деген уәж айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы сонымен бірге Алеппода ауруханаға зымыран атылуына тоқталып: «Сейсенбі күні Алеппо ауруханасына түскен зымыран қару топтардың бақылауындағы аймақтан атылды»,- деп анықтады.