Байден тері қатерлі ісігіне шалдыққан
(last modified Sun, 05 Mar 2023 05:33:08 GMT )
Нау 05, 2023 11:33 Asia/Almaty
  • Байден тері қатерлі ісігіне шалдыққан

АҚШ президентінің дәрігері өткен айда Джо Байденнің кеудесінен алынған тері зақымдануы тері қатерлі ісігінің кең таралған түрі екенін мәлімдеді.

Барак Обама мен Дональд Трамптың президенттігі кезінде Ақ үйдің бұрынғы дәрігері Рани Джексон жақында осы елдің қазіргі президенті Джо Байденнің ауыр аурумен бетпе-бет келуін  болжады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, жұма күні Ақ үйдің дәрігері, доктор Кевин О'Коннор: «16 ақпанда Мэриленд штатындағы Уолтер Рид ұлттық әскери медициналық орталығында Байденді медициналық тексеру шамамен үш жарым сағатқа созылып, барлық қатерлі ісік тіндері сәтті жойылды»,- деді.

Бұл Байденнің 2021 жылдың қаңтарында инаугурациясынан кейінгі екінші медициналық тексеруі болды.