Канани: Иран дипломатия жолына берік
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Теһран үкіметінің дипломатия жолына берік болғанын және бола беретінін айтып: "Иран АҚХА Басқарма кеңесінің жиналысы техникалық мәселелер төңірегінде өтеді деп үміттенеді",-деді.
Насер Канани бүгін, дүйсенбі күні баспасөз отырысында АҚХА Бас директоры Рафаэль Гроссидің ядролық нысандарға әскери шабуыл және Нетаньяхудың №533 қарарына реакциясы туралы сауалға жауабында: "Иран үкіметі өз ұлтының құқығын қорғауда саяси, заңдық және құқықтық мүмкіндіктер мен халықаралық заңдар, соның ішінде АҚХА аясындағы барлық мұрсаттарды пайдаланады",-деді.
Канани: "Агенттік мүше елдер, соның ішінде Иранмен қарым-қатынасындағы міндеттемелеріне сәйкес мүше елдердің ядролық құқықтарын сақтап, қорғауда өз міндетін орындауы керек".-деді.