Раиси: Иран Африка елдерімен қарым-қатынастарын кеңейтуге дайын
ИИР Президенті Иран мен Батыс Африка елдерінің экономикалық ынтымақтастықтарының бірінші отырысының қатысушыларымен кездесуінде өз елінің Африка елдерімен қарым-қатынастарын жан-жақты кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.
Раиси Африканы тиімді адам ресурстары мен мол қоры бар бай континент ретінде сипаттап: «Өткен ғасырларда батыс елдері отаршылдық пен билікті жүзеге асыру арқылы бұл елдердің байлығын талан-таражға салды, бірақ ИИР-ның Африкамен қарым-қатынастарды кеңейтуі осы аймақтың байлығы үшін емес, барлық халықтардың, соның ішінде Африка елдерінің дамуы мен гүлденуі үшін»,- деді.
ИИР Президенті Иранға қарсы ауқымды санкцияларға қарамастан, елдің техникалық-инженерлік, медициналық құрал-жабдықтар, медицина, нано, ауылшаруашылық жабдықтары, биологиялық технологиялар және заманауи ғылым мен технология салаларындағы қол жеткізген тамаша жетістіктеріне назар аудартып: «Иранның дамуы мен мүмкіндіктерімен танысып, бір халықтың ерік-жігері мен табандылығының барлық қауіп-қатер мен санкцияларды мүмкіндіктерге айналдырып, халықты ілгерілеуге жетелейтіндігін көре аласыз»,- деп сөзін жалғады. Раиси Иранның білім мен жаңа технологияларды бауырлас және дос елдерге, соның ішінде Африка елдеріне беруге дайын екендігін қуаттап, Иран мен осы елдердегі жеке сектордың белсенділігі мен қатысуын жеңілдетуді, соның ішінде ауыр және тиімсіз ережелер мен тарифтерді алып тастауды жоспарлау қажетігіне тоқталды.