Ислами: Батыстықтар ядролық Иранды қабылдады
https://itolqyn.com/news/world-i68214-Ислами_Батыстықтар_ядролық_Иранды_қабылдады
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы қазіргі таңда Батыс елдерінің Иранды бір ядролық ел ретінде қабылдағанын айтып: "Батыстың Иранмен қатынас жасауының жалғыз жолы – дипломатия",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 10, 2023 16:47 Asia/Almaty
  • Ислами: Батыстықтар ядролық Иранды қабылдады

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы қазіргі таңда Батыс елдерінің Иранды бір ядролық ел ретінде қабылдағанын айтып: "Батыстың Иранмен қатынас жасауының жалғыз жолы – дипломатия",-деді.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами бейсенбі күні: "Ғылыми-технологиялық қуатпен бірге экономикалық қуатқа жету шынайы мағынада тәуелсіздік орнауын қажет етеді",-деді.

Ислами бүгінде үстемшіл елдер дипломатиядан басқа ешқандай жол жоқ екенін біліп, Иранды бір ядролық ел ретінде қабылдағанын айтып: "Егер ел ішінде ядролық технология болмаса, бүгінде ядролық дәрілерге зәру науқастарды емдеу үшін ештеңе істей алмас едік. Өйткені Иран медицинаға қатысты ядролық технологиялар бойынша алғы шепте",-деді.