АҚШ Иранның 45 компаниясы мен бір жеке тұлғасына жаңа санкция салды
АҚШ үкіметі ИИР-ға қарсы "барынша қысым" атты жеңіліс тапқан саясатын жалғастырып, Иранның мұнай-химия және ұшақ жасау саласына қатысы бар деген сылтаумен осы елдің 45 компаниясы мен бір жеке тұлғасына жаңа санкция салды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Қаржы министрлігі бейсенбі күні: "Осы ведомствоның шетелдік активтерді бақылау кеңсесі "сириялық банк жүйесі" атты маңызды желіге санкция салды",-мәлімдеді.
Бұл компаниялар – санкцияға іліккен ирандық органдардың қаржы жүйелерінің бірі. Мысалы, "Парсы шығанағы" сауда компаниясы мен "Трилианс" мұнай-химия компаниясы осы халықаралық қаржы жүйесі арқылы шетелдік тұтынушылармен байланысты жеңілдеткен.
АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Вали Адимо: "Иран санкцияларды айналып өту үшін күрделі желі құрды. Онда шетелдік тұтынушылар, айырбастау пункттері мен ондаған сириялық компания бірлесе санкцияға ұшыраған ирандық кәсіпорындарға сауда-саттықты жалғастыруға көмектеседі",-деп уәж айтты.