Си Цзиньпин Қытайдың Президенті болып қайта сайланды
Қытай Ұлттық конгресінің өкілдері жұма күні 14-ші отырыста бірауыздан Си Цзиньпинді бесжылдық үшінші кезеңге Қытайдың Президенті етіп қайта сайлады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытай Ұлттық конгресінің жыл сайынғы отырысында Хань Чжэн Вице-президент болып сайланды.
2018 жылы Қытай конституциясына енгізілген өзгерістер бойынша Си Цзиньпин көп мәрте президент бола алады.
Си Цзиньпин 1953 жылы Бейжіңде Қытайдың көрнекті саяси-революциялық жетекшісінің жанұясында дүниеге келді. Ол 1974 жылы Қытайдың жас коммунистер одағына қосылып, содан кейін аудан деңгейінде бірнеше партиялық лауазымда жұмыс істеді.
Си Цзиньпин 1999-2002 жылдар аралығында Шығыс Фуцзянь провинциясының губернаторы болды, 2007 жылы Қытай Коммунистік партиясы орталық комитетінің саяси кеңсесінің мүшесі болып сайланды, 2008 жылы Қытай халық республикасы төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.