Иран Ресейден «Су-35» жойғыш ұшақтарын сатып алатын болды
https://itolqyn.com/news/world-i68236
Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдігі Ресейден «Су-35» жойғыш ұшақтарын сатып алу туралы келісімшарттың аяқталғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 11, 2023 17:59 Asia/Almaty
  • Иран Ресейден «Су-35» жойғыш ұшақтарын сатып алатын болды

Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдігі Ресейден «Су-35» жойғыш ұшақтарын сатып алу туралы келісімшарттың аяқталғанын хабарлады.

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «Су-35» жойғыш ұшақтар Иран үшін техникалық тұрғыдан қолайлы болды және Иран оларды сатып алу туралы келісімге қол қойды»,- деді.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің мәлімдемесіне сәйкес, бұл жойғыш ұшақтарды сатып алу келісім 2020 жылдың қазан айынан кейін және БҰҰ-ның 2231 қарарының Иранның  қару-жарақ сатып алуды шектеуіне қатысты шектеулері аяқталғаннан кейін жасалды. ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі: «2015 жылдан бері Сирия үкіметінің шақыруымен Иран мен Ресей Сирияда лаңкестікпен күресу үшін бір-бірімен ынтымақтастық етуде. Бірақ Украина мен Ресейде Иран мен Ресейдің ынтымақтастығы жоқ және Иранның екіжақты әскери ынтымақтастығының Сирияға еш қатысы жоқ»,- деп мәлімдеді.