Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімге БАҚ пен әлем басшылары реакция білдірді
Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы келісім әлем басшылары қолдауына және халықаралық ақпарат құралдарының түрлі реакцияларына тап болды.
Ислам әлемі лигасы Сауд Арабиясы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру және елшіліктері мен агенттіктерін қайта ашу туралы келісімді құптады.
Бұл жаңалықты жариялау арқылы сионистік БАҚ Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы келісімді Израильге түкіру деп санады. Сионистік режимнің бұрынғы премьер-министрі Нафтали Беннет Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімге реакция білдіріп: «Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастың қайта жандануы Израиль үшін үлкен қауіп және Иранның саяси жеңісі деп бағаланады. Бұл Иранға қарсы аймақтық коалиция құру әрекеттеріне ауыр соққы болып табылады»,- деді.
«Нью-Йорк Таймс» газеті: «Қытайдың арағайындығымен Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың қайта жандануы АҚШ мүдделеріне нұқсан келтіреді»,- деп жазды.
Франция, Сирия және Ауғанстан сияқты көптеген елдер бұл келісімді қолдады.