АҚШ ОББ басшысы: Алдағы 4-6 ай Украинадағы соғыс үшін өте маңызды
АҚШ ОББ басшысы Путиннің Украинада бейбітшілік орнату туралы келіссөз өткізуге дайын емес екенін айтып: "Алдағы 4-6 ай Украинадағы соғыс үшін өте маңызды",-деп мәлімдеді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы барлау комитетінің тұрақты мүшесі Уильямс Бернс "Мағлұматтарды сараптай келе мынадай нәтиже шығарылды: Алдағы 4-6 айда Украинадағы ұрыс алаңында маңызды өзгерістер болады",-деді.
Раиси сондай-ақ: "Ресей Президенті Владимир Путин бейбіт келіссөз өткізуге дайын емес. Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздердің перспективасы ұрыс алаңындағы ілгерілеуге тікелей байланысты",-деді.
АҚШ ОББ басшысы Қытай Президенті Си Цзиньпин туралы: "Ол Украинадағы соғыста қолдану үшін Ресейге қару-жарақ беруге әлі шешім қабылдамады",-деді.
АҚШ ОББ басшысының айтуынша, Қытай үкіметі Батыстың қарымта әрекетін ескеріп, Ресейге әскери жабдықтар жіберудің экономикалық шығыны мен кірісін есептеп жатыр.