Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранмен қарым-қатынастың болашағына оптимистік көзқараспен қарайды
https://itolqyn.com/news/world-i68274-Сауд_Арабиясының_Сыртқы_істер_министрі_Иранмен_қарым_қатынастың_болашағына_оптимистік_көзқараспен_қарайды
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Теһран мен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастың болашағына оптимистік көзқараспен қарайды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 12, 2023 20:00 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранмен қарым-қатынастың болашағына оптимистік көзқараспен қарайды

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Теһран мен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастың болашағына оптимистік көзқараспен қарайды.

Фейсал бен Фархан әл-Сауд жексенбі күні әл-Арабия телеарнасына берген сұхбатында: "Екі жылға созылған келіссөздер нәтижесінде Иранмен тату көршілестік, елдердің ұлттық егемендігіне құрметпен қарау және аймақтың қауіпсіздігін сақтауға қатысты барлық түйткілдерді шешу туралы түсінісіп, келісім жасадық",-деді.  

Фейсал бен Фархан: "Сауд Арабиясында мынадай сенім бар: Диалог – барлық мәселелерді шешуде нәтиже беретін жолдардың бірі",-деді.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранмен қарым-қатынастың болашағы туралы: "Сауд Арабиясы болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды. Арақатынасты нығайтуға, аймақ елдерінің мүдделерін қамтамасыз етіп, аймақтың қауіпсіздігін сақтауға үміттенеді. Біз осыны көздейміз",-деді.