Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранмен қарым-қатынастың болашағына оптимистік көзқараспен қарайды
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Теһран мен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастың болашағына оптимистік көзқараспен қарайды.
Фейсал бен Фархан әл-Сауд жексенбі күні әл-Арабия телеарнасына берген сұхбатында: "Екі жылға созылған келіссөздер нәтижесінде Иранмен тату көршілестік, елдердің ұлттық егемендігіне құрметпен қарау және аймақтың қауіпсіздігін сақтауға қатысты барлық түйткілдерді шешу туралы түсінісіп, келісім жасадық",-деді.
Фейсал бен Фархан: "Сауд Арабиясында мынадай сенім бар: Диалог – барлық мәселелерді шешуде нәтиже беретін жолдардың бірі",-деді.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранмен қарым-қатынастың болашағы туралы: "Сауд Арабиясы болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды. Арақатынасты нығайтуға, аймақ елдерінің мүдделерін қамтамасыз етіп, аймақтың қауіпсіздігін сақтауға үміттенеді. Біз осыны көздейміз",-деді.