АҚШ Қытай мен Ресей қарым-қатынасының кеңейгеніне ашулы
https://itolqyn.com/news/world-i68290
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Мәскеу мен Бейжің әріптестігі АҚШ-ты ашуландырып отыр",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 13, 2023 17:59 Asia/Almaty
  • АҚШ Қытай мен Ресей қарым-қатынасының кеңейгеніне ашулы

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Мәскеу мен Бейжің әріптестігі АҚШ-ты ашуландырып отыр",-деді.

Сергей Рябков: "Вашингтонның Қытай мен Ресей қарым-қатынасының күннен күнге кеңейгеніне ашулануы екіжақты байланыстың дұрыс бағытта дамып жатқанын дәлелдейді",-деді.

Сергей Рябков: "Америкалықтар Ресей мен Қытай арасындағы терең көпжақты қатынас пен ынтымақтастыққа алаңдайтыны анық",-деді.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары америкалықтардың Қытай мен Ресей қатынасының әлемде жаңа көпполюстік жүйенің қалыптасуындағы басты элементтердің бірі екенін түсінгенін айтып: "Осы арақатынасты дамыту – АҚШ гегемониясын тоқтатудың бірден-бір жолы",-деді.