Канани: АҚШ үкіметімен диалог араағайын арқылы жалғасып жатыр
(last modified Mon, 13 Mar 2023 14:28:38 GMT )
Нау 13, 2023 20:28 Asia/Almaty
  • Канани: АҚШ үкіметімен диалог араағайын арқылы жалғасып жатыр

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы апталық баспасөз отырысында: "Сотталғандар мәселесі мен басқа тақырыптарда АҚШ үкіметімен диалог пен келіссөздер араағайын арқылы жалғасып жатыр",-деді.

Насер Канани Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианның Теһран-Вашингтон келісімі туралы сөздері және АҚШ-тың сотталғандармен алмасу туралы ешқандай келісім жоқ деп уәж айтуына қатысты сұраққа жауапта: "Иран мен АҚШ кейбір тақырыптарда, соның ішінде тұтқындармен алмасуға қатысты бұрын келісімге келген. 2022 жылы наурыз айында жазбаша келісім жасалып, АҚШ үкметінің ресми өкілі тарапынан қол қойылды",-деді.  

Канани: "АҚШ тарапы бір кезеңде осы тақырыпты санкцияларды жою келіссөздерінен тыс қарастырып, тұтқындармен алмастыруды қабылдады, бірақ басқа бір кезеңде мұны ядролық келіссөздерге байланыстырды",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран осы тақырыпты гуманитарлық мәселе ретінде талқылауға дайын. АҚШ-тың техникалық қиындықтары оның өзіне ғана қатысты",-деді.