Нау 14, 2023 16:57 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы мен Беларусь Президенті әртүрлі салаларда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту керегін баса айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф Теһранда Александр Лукашенкомен кездесуінде аймақтық және халықаралық жағдай екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қолайлы деп атап: "Бұл екіжақты шараларға тікелей байланысты. Өйткені бүгінде АҚШ-тың біржақтылықты дамытуға талпынып жатқанын бәрі біледі",-деді.

Александр Лукашенко осы кездесуде Теһран-Минск сауда айналымы көлемінің 3 есе артқанын мәлімдеп: "Санкциялардан туындаған қиындықтардан өту үшін санкцияға ұшыраған елдер арасында бірлік пен әріптестікті арттыру керек",-деді.    

Тегтер