Путин Батыстың Ресейге қарсы саясатының жеңіліс тапқанын айтты
https://itolqyn.com/news/world-i68350-Путин_Батыстың_Ресейге_қарсы_саясатының_жеңіліс_тапқанын_айтты
Ресей Президенті: "Батыс елдерінің Ресейді тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттері жеңіліс тапты",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 15, 2023 19:03 Asia/Almaty
  • Путин Батыстың Ресейге қарсы саясатының жеңіліс тапқанын айтты

Ресей Президенті: "Батыс елдерінің Ресейді тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттері жеңіліс тапты",-деді.

Владимир Путин Бурятия автономды республикасының орталығы Улан-Удэ қаласындағы тікұшақ жасайтын орталықты аралау барысында: "Батыс елдері экономикалық дағдарыс тудыру арқылы Ресейді тұрақсыздандыруға қаражат жұмсады, бірақ өз мақсатына жетпеді",-деді.  

Владимир Путин: "Батыс елдері Ресейдің ұлттық өндірісі 20 пайызға төмендейді деп ойлады, бірақ бұлай болмады",-деді.