Асадтың Ресейге сапары: күн тәртібі және маңыздылық аспектілері
Сирия Президенті Башар Асад сейсенбі күні (14 наурыз) кешке ресми сапармен Мәскеуге келіп, сәрсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.
Ресей мен Сирия арасындағы қарым-қатынас соңғы 12 жылда кеңейіп келеді. Сирияның лаңкестікпен күресу барысында бұл елге Ресей мен ИИР көп көмек көрсетті. Сирияның Президенті Башар Асад лаңкестікпен күресте Мәскеу мен Теһранның Дамаскіге қолдау көрсеткенін бірнеше рет мойындады. Асадтың Теһран мен Мәскеуге сапарлары Дамасктің Иран және Ресеймен қарым-қатынасының нығаюына баса назар аудара отырып, сонымен бірге Сирия мен аймаққа қатысты түрлі мәселелерде осы елдердің қайраткерлерімен кеңесу мүмкіндігі болып табылады.
Башар Асадтың жақында Ресейге жасаған сапары бірнеше аспектіден маңызды. Біріншіден, бұл Украинадағы соғыстан кейін Сирия Президентінің Мәскеуге бірінші сапары. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы 2022 жылдың ақпанында басталып, осы күнге дейін жалғасуда. Сирия Украина соғысында Ресейді қолдаған елдердің бірі. Екіншіден, бұл сапар Иран, Ресей, Түркия және Сирия арасындағы төртжақты кездесудің алдында болды. Бұған дейін ақпарат құралдары Иран, Ресей, Сирия және Түркия сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары 15 және 16 наурызда Мәскеуде бас қосатынын хабарлаған. Түркия Сириядағы лаңкестермен соғыс кезінде Дамаск үкіметіне қарсы кейбір лаңкестік топтарға қолдау көрсеткен елдердің бірі. Ол бірнеше рет Сирияның аумақтық тұтастығына қарсы соғысқан және осы күні Сирияның бөлігін басып алған. Алайда Иран мен Ресей лаңкестерге қарсы Дамаск үкіметін қолдады. Үшіншіден, бұл сапар Түркия соңғы айларда Сириямен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге бірнеше рет шақырған жағдайда жүзеге асты. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өткен желтоқсанда БАҚ өкілдеріне Ресей Президенті Владимир Путинді Башар Асадпен үшжақты кездесуге шақырғанын айтты.