Үнді мұхитында «Теңіз қауіпсіздік белдеуі 2023» жаттығуы басталды
Оқу-жаттығудың баспасөз өкілі: «Теңіз қауіпсіздік белдеуі 2023» біріккен жаттығуы Үнді мұхитының солтүстігінде Иран, Қытай және Ресей теңіз күштерінің жер үсті және ұшу бөлімдерінің қатысуымен басталды»,- деп хабарлады.
«Теңіз қауіпсіздік белдеуі 2023» біріккен жаттығуы Үнді мұхитының солтүстігінде Иран, Қытай және Ресейдің қатысуымен және Қазақстан мен Пәкістанның бақылаушыларының бақылауымен өтеді.
«Теңіз қауіпсіздік белдеуі 2023» біріккен жаттығуының баспасөз өкілі Амир Мұстафа Таджеддин: «Бұл оқу-жаттығуға ИИР Әскери-теңіз күштері мен Ислам революциясы Сақшылар корпусы Әскери-теңіз күштерінің жер үсті және ұшатын бөлімшелерінен бөлек, Қытай мен Ресейдің жүзу бөлімдері де қатысады»,- деді. Ол бұл Иран, Қытай және Ресейдің қатысуымен өтетін төртінші бірлескен оқу-жаттығу және алдағы уақытта жалғасатынына тоқталып: «Теңіз қауіпсіздік белдеуі 2023» жаттығуы «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті бірге орнату» ұранымен және бейбітшілік пен достық хабарламасымен 17 000 шаршы шақырым аумақта өтеді»,- деп сөзін жалғады.