Кейбір австриялық ақпарат құралдарының Иранға қарсы өтірік таратуына Иран елшілігі реакция білдірді
(last modified Sat, 18 Mar 2023 12:02:54 GMT )
Нау 18, 2023 18:02 Asia/Almaty
  • Кейбір австриялық ақпарат құралдарының Иранға қарсы өтірік таратуына Иран елшілігі реакция білдірді

ИИР-ның Австриядағы елшілігі кейбір австриялық ақпарат құралдарының Иранда балаларды азаптау туралы өтіріктеріне мәлімдеме жасап, реакция білдірді.

ИИР-ның Австриядағы елшілігі кеше (жұма) мәлімдеме жасап: «Иранның ілгерілеуіне ашулы және көңілсіз ағын шындықты Батыстың қоғамдық пікірінен мәңгілікке жасыра алмайды»,- деді.  Көшірмесі Иранның Австриядағы елшілігінің Twitter-дегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде: «Австрияның ақпарат құралдары шындықты бұрмалау арқылы жасаған сәтсіз талпыныстарынан көңілі қалған және Иранның ілгерілеуі мен аймақтық қарым-қатынастарының кеңеюіне ашуланғандықтан, бұл өтіріктерді шарасыз әрекетпен таратуды жалғастыруда»,- деп айтылды.