Нау 18, 2023 18:10 Asia/Almaty
  • Украина әскерилері Құран Кәрімді қорлады

Украинадағы қақтығыс аймақтарынан әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда, бірқатар украин әскері Құран Кәрімнің парақтарын жыртып, өртеп жатыр.

Fars ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабары бойынша, осы арада Мысырдағы әл-Азһардың бірнеше ғалымдары бұл оқиғаға реакция білдірді. Осы орайда шейх  Саад әл-Фақи  Исламның Таурат, Інжіл және Құран сияқты қасиетті кітаптарды қорлауға тыйым салғанын айтты. Ол: «Қасиетті кітаптарды қорлау, жырту халықаралық құқыққа қайшы. Украина үкіметінің кемінде осы қылмысы үшін әлемдегі барлық мұсылмандардан кешірім сұрауы керек. Мұндай ақымақ әрекеттер  дінді ұстанушылар арасында бүлік туғызады»,- деді.

Тегтер