Украина әскерилері Құран Кәрімді қорлады
Нау 18, 2023 18:10 Asia/Almaty
Украинадағы қақтығыс аймақтарынан әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда, бірқатар украин әскері Құран Кәрімнің парақтарын жыртып, өртеп жатыр.
Fars ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабары бойынша, осы арада Мысырдағы әл-Азһардың бірнеше ғалымдары бұл оқиғаға реакция білдірді. Осы орайда шейх Саад әл-Фақи Исламның Таурат, Інжіл және Құран сияқты қасиетті кітаптарды қорлауға тыйым салғанын айтты. Ол: «Қасиетті кітаптарды қорлау, жырту халықаралық құқыққа қайшы. Украина үкіметінің кемінде осы қылмысы үшін әлемдегі барлық мұсылмандардан кешірім сұрауы керек. Мұндай ақымақ әрекеттер дінді ұстанушылар арасында бүлік туғызады»,- деді.
Тегтер