Захарова: Украинадағы бейбітшілік үшін Киевке әскери қолдау көрсетуді тоқтату керек
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Ресейге қарсы барлық санкциялардың және халықаралық соттардаңы барлық талап-арыздардың жойылуы Украина дағдарысын шешудің ажырамас бөлігі болуы керек»,- деді.
Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова: «Халықаралық соттарда Ресейге қарсы барлық санкциялар мен барлық заңсыз талап-арыздарды алып тастау Украина дағдарысын шешудің ажырамас бөлігі болуы керек. Украинада тұрақты бейбітшілік орнату үшін Киевті қаруландыруды және бұл елге шетелдік жалдамалыларды жіберуді тоқтату керек»,- деп баса айтты. Захарованың Украина дағдарысын саяси шешу туралы мәлімдемелері Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Мәскеу Батыс пен Киевтің Украина дағдарысын саяси жолмен шешу жөніндегі ұсыныстарын құптайтынын, бірақ қоқан-лоққы тондар мен ультиматумдарды қолдануды қабылдамайтынын жариялаған жағдайда айтылды. Бұл мәлімдемеде Зеленскийдің бейбітшілік жоспарының шындыққа жанаспайтыны және оның мақсаты Ресейді бағындыру екені баса айтылды.