Солтүстік Кореяда жаңа зымыран сынағы өтті
Шынайы емес ядролық оқтұмсықпен жабдықталған баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу арқылы Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ядролық қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға дайын екенін жариялады.
Осы ұшыруды тікелей басқарған Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын: «АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларды кеңейту арқылы ядролық қару мен құрал-жабдықтарды қолдануға ұмтылуда. Сондықтан Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ядролық шабуылын болдырмау үшін кез келген уақытта ядролық шабуылға дайын болуы керек»,- деді.
Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруы аймақтағы 11 күндік АҚШ-Оңтүстік Корея оқу-жаттығуларымен бір уақытта жүзеге асты. Сонымен бірге бұл екі елдің арнайы өкілдері Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруын айыптады.