Куба Президенті Ислам революциясының жетекшісін құрметтеді
Куба Президенті Ливанның Al-Mayadeen ақпарат арнасына берген Ислам революциясының жетекшісін дана деп атап, оның аналитикалық қуатын жоғары бағалады.
Куба Президенті осы сұхбаттың бір бөлігінде Иран Ислам революциясының жетекшісіне сілтеме жасап, оны Иран революциясының саясаткері және жетекшісі деп атап: «Ол аналитикалық күші мен логикалық ойлау қабілеті жоғары тұлға»,- деді.
Мигель Диас-Канель Ислам революциясының жетекшісін сипаттауды жалғастырып: «Ол дана басшы. Елін егемендік, өз тағдырын өзі шешу жолына қалай жетелеуді біледі»,- деп айтты. Куба Президенті Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің қасиеттеріне, әсіресе терең көрегендігі мен үлкен аналитикалық қуатына, сондай-ақ дана кеңестері мен нұсқаулығына байланысты құрмет көрсетті.
Ислам революциясының жетекшісі таңғаларлық болжау құдіретіне ие және осыған байланысты басқа нәрселермен қатар, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы және АҚШ бастаған Батыс үстемдігінің құлдырауы мәселесіне назар аударды. Бұл мәселе жаһандық билеп-төстеуші және үстем жүйесіне қарсы тұру мәселесімен бірге АҚШ үстемдігіне қарсы елдерді, соның ішінде Иран мен Кубаны жақындастырды. Осы тұрғыда Куба Президенті: «Куба мен Иранның екі халқы империалистік күштердің жоспарларына қарсылық, батылдық, қаһармандық көрсету, олармен ымыраға келмеу ұғымдарында ортақ. Бұл біз ортақ ұстаным білдіретін тақырып, сондықтан біз бір-біріміздің тағдырына алаңдаймыз»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі әр түрлі мәселелерге қатысты сөйлеген сөздерінде, мәлімдемелерінде және жолдауларында терең оймен әртүрлі салаларда маңызды әрі шешуші пікірлерін қайталады. Олар ИИР достарының қолдауына ие болды.
Ресей президенті Владимир Путин: «Мен Мәсіх туралы алған зерттеулерімнің арқасында Иран басшысымен кездесуде аятолла Хаменеиде Мәсіх үшін жазылған барлық сипаттарды көрдім. Иранда бір ұлы данышпан отыр, мен оның соншалықты жан-жақты болады деп ойламаппын. Ол Иран саясатының шешімдері мен реттелуіне жауапты, көрегендігінің арқасында Иранға қауіп төндірмейтін данышпан әрі ғалым»,- деді.
Негізінде, Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің ұстанымдары мен шараларына көз жүгіртсек, оның Ислам революциясын жалғастыру мен ИИР-ның жетістіктерін сақтауда шешуші әрі бағыттаушы рөлі бар екенін көрсетеді.