Ирандық және ресейлік банк жүйелерін қосу SWIFT-ті айналып өтуді көздейді  
(last modified Thu, 23 Mar 2023 12:29:52 GMT )
Нау 23, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • Ирандық және ресейлік банк жүйелерін қосу SWIFT-ті айналып өтуді көздейді  

ИИР Орталық банкі төрағасының халықаралық істер жөніндегі орынбасары: «Иран мен Ресейдің банк жүйелерінің байланысы арқылы бізге SWIFT қажет болмайды»,- деді.

ИИР, Ресей және Қытай валюталық айналымнан  долларды алып тастауды келісіп, жоспарлап отыр.

Иран Орталық банкі төрағасының халықаралық  істер жөніндегі орынбасары Мохсен Карими: «Дүниежүзілік деңгейде халықаралық банктік инфрақұрылымға ие үстемдік жүйесі елдерді санкциялар қолдануда. Осы инфрақұрылымдардың бірі Батыс пен Еуропаның үстемдік жүйесінде «SWIFT» деп аталатын жаһандық банктік хабар алмасу жүйесі болып табылады. Коммерциялық банктердің хабар алмасу жүйелерін қосу арқылы бізге SWIFT қажет болмайды және эмбарго кедергілерінің бірінен өтеміз»,- деді.

Иран Орталық банкі төрағасының халықаралық  істер жөніндегі орынбасары: «Ресеймен бірге стратегиялық және санкцияланбаған әрекетке баруды ұйғардық. Бұл әрекеттер екі елдің ақша мессенджерін байланыстыру болып табылады және бұл жүйе стандартты болып табылады. Біз күн тәртібіне доллар мен еуроны алып тастау жоспарын қойып жатырмыз, шешім әлемнің ешбір елімен бұл валюталармен айырбас жүргізбеу»,- деп мәлімдеді.