Нау 23, 2023 18:32 Asia/Almaty
  • Канани: Франция полициясының наразылық білдірушілерге жасаған зорлық-зомбылығы адам құқықтарын талап етушілер көзіне көрінбейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Франция полициясының осы елдің шерушілеріне қарсы зорлық-зомбылығына реакция білдіріп: «Батыстағы адам құқықтарын талап етушілер бұл зорлық-зомбылықты көрмейді»,- деп мәлімдеді.

Францияда зейнетақы реформасы деп аталатын даулы жоспардың мақұлдануынан кейін бұл ел халқының наразылық шерулері  жалғасуда.

ИИН Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Франция полициясының осы елде наразылық білдірушілерге қарсы зорлық көрсетуіне тоқталып, осы зорлық-зомбылық әрекеттерінің бейнежазбасын жариялау арқылы Twitter желісінде: «Франциядағы наразылық акцияларының жалғасуы және полицияның наразылық білдірушілерге зорлық-зомбылық көрсетуін Вашингтон мен Еуропаның астаналарындағы адам құқықтарын талап етушілер  байқамайды, өйткені олар әрқашан басқа елдерге қарайды»,- деп жазды.

Тегтер