Путин: Украинаны қаруландыру соғысты ұзартады
https://itolqyn.com/news/world-i68568
Ресей Президенті Владимир Путин Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету соғысты ұзарту әрекеті екенін мәлімдеді.  
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 26, 2023 18:27 Asia/Almaty
  • Путин: Украинаны қаруландыру соғысты ұзартады

Ресей Президенті Владимир Путин Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету соғысты ұзарту әрекеті екенін мәлімдеді.  

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Путин сенбі күні кешке «Россия 24» арнасына берген сұхбатында Украинаға жаппай қару-жарақ жеткізуді Мәскеуге қарсы үлкен қауіп деп бағалап: «Бұл процестің жалғасуы соғыс жағдайын күрделендіреді»,- деді.

Еуропа мен Батыс елдері, әсіресе Америка Құрама Штаттары Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың қысымын күшейтіп, Киевке жеңіл және ауыр қарудың барлық түрлерін жеткізу арқылы Украинадағы  соғысты тоқтатуға қадам жасамас түгіл, бұл елдегі қақтығыстардың отын тұтандырды.