Нау 28, 2023 17:32 Asia/Almaty
  • Иранның су добы командасы Азия кубогында екінші орын алды

Иранның су добы командасы 13-ші Азия кубогында екінші орын алды.

Су добынан 13-ші Азия-2023 кубогы кеше, дүйсенбі Сингапурда аяқталды. Иран командасы алғаш рет екінші орын алды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, финалда Қытай Иранды 11:8 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Қазақстан Тайланд командасынан басым түсіп, үшінші орынға ие болды.

Қытай, Иран мен Қазақстан командалары әлемдік лиганың екінші тобына өтті.  

Тегтер