Шамхани: Көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайтып, кеңейтуге ешқандай шектеу жоқ
https://itolqyn.com/news/world-i68616-Шамхани_Көршілес_елдермен_қарым_қатынасты_нығайтып_кеңейтуге_ешқандай_шектеу_жоқ
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрімен кездесуінде: "Көршілес елдермен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту – Иранның сыртқы саясаттағы негізгі басымдығы. Бұл салада ешқандай шектеу жоқ",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 28, 2023 18:25 Asia/Almaty
  • Шамхани: Көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайтып, кеңейтуге ешқандай шектеу жоқ

ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрімен кездесуінде: "Көршілес елдермен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту – Иранның сыртқы саясаттағы негізгі басымдығы. Бұл салада ешқандай шектеу жоқ",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Шамхани Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрімен кездесуінде: "Катар әмірі мен үкіметіне аймақтық және халықаралық істерді ілгерілету саласында Иранмен әріптестік жасауға талпынысына алғыс айтамыз. Теһран мен Доханың контруктивті де бауырластық қарым-қатынасы аймақтағы басқа елдермен байланыста үлгі бола алады",-деді.

Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрі осы кездесу басында Иран мен Сауд Арабиясының өзара қарым-қатынасты қалыптандыруға келіскеніне қуаныш білдіріп, мұны аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыруда маңызды қадам деп атап, Иранмен жан-жақты байланысты дамыту  Катар сыртқы саясатының басымдықтарының бірі екенін айтты.