Шамхани: Көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайтып, кеңейтуге ешқандай шектеу жоқ
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрімен кездесуінде: "Көршілес елдермен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту – Иранның сыртқы саясаттағы негізгі басымдығы. Бұл салада ешқандай шектеу жоқ",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Шамхани Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрімен кездесуінде: "Катар әмірі мен үкіметіне аймақтық және халықаралық істерді ілгерілету саласында Иранмен әріптестік жасауға талпынысына алғыс айтамыз. Теһран мен Доханың контруктивті де бауырластық қарым-қатынасы аймақтағы басқа елдермен байланыста үлгі бола алады",-деді.
Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрі осы кездесу басында Иран мен Сауд Арабиясының өзара қарым-қатынасты қалыптандыруға келіскеніне қуаныш білдіріп, мұны аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыруда маңызды қадам деп атап, Иранмен жан-жақты байланысты дамыту Катар сыртқы саясатының басымдықтарының бірі екенін айтты.