Нау 29, 2023 18:54 Asia/Almaty
  • Қытай долларсыз алғашқы сауда мәмілесін жасады

Қытай алғаш рет АҚШ долларының орнына өзінің ұлттық валютасы юаньмен мәміле жасады.

Шанхайдың мұнай-газ биржасы: "Қытайдың екі мұнай компаниясы мен Францияның Total Energies компаниясы осы биржа арқылы табиғи газ конденсаты саласында юаньмен алқашқы мәміле жасады",-деп мәлімдеді.  

Шанхайдың мұнай-газ биржасы: "Бұл мәміледе шамамен 65 мың тонна табиғи газ конденсаты саудаланды. Total Energies компаниясы Қытайға юань төледі",-деді.

Қытай кейінгі жылдарда халықаралық саудада АҚШ долларының үлесін азайтуға талпыныс жасап, бірнеше елмен мұнай саудасында доллардың орнына юань қолдануға келісті.  

Тегтер