Нау 29, 2023 20:23 Asia/Almaty
  • Патрушев: Батыс елдерінің Украина соғысына араласуының апатты салдары болады

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Батыс елдеріне: "Сіздердің Украина соғысына араласуларыңыздың апатты салдары болады",-деп ескерту жасады.

Николай Патрушев сәрсенбі күні: "50-ге жуық ел соғысты сылтауратып Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр",-деп мәлімдеді.

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы осыған дейін: "Егер Ресейдің егемендігіне қауіп төнсе, бұл ел кез келген дұшпанды, соның ішінде АҚШ-ты жойып жіберуге жеткілікті қару-жараққа ие",-деп ескерткен болатын.  

Украина соғысы ауқымды да ауыр саяси-экономикалық, әскери-әлеуметтік және тіпті мәдени салдарларға қарамастан он төртінші айға аяқ басты. Батыс елдері әлі де Украинаға қару-жарақ жөнелтіп жатыр.  

Тегтер