Ресей азаматтарының Путинге сенімі артты
(last modified Sat, 01 Apr 2023 16:50:40 GMT )
Сәу 01, 2023 22:50 Asia/Almaty
  • Ресей азаматтарының Путинге сенімі артты

Жаңа сауалнаманың нәтижесі бойынша, өткен бір аптада Ресей азаматтарының ел басшысы Владимир Путинге сенімі 1,2 пайызға көтеріліп, 80,5 пайызға артты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 20-26 наурыз аралығында елдің 18 жастан асқан 1600 азаматына сауалнама жүргізді.

ТАСС жұма күні сауалнама нәтижесін жариялап: "Қатысқандардың 80,5 пайызы Путинге оң көзқарас білдірді. 77,9 пайызы Ресей Президентінің іс-әрекетін қолдайтындарын растады",-деп жазды.

Мұнымен қоса, Ресей үкіметіне ризалық 52,8 пайызды, ел Премьер-министрі Михаил Мишустиннің қызметіне ризалық 54,4 пайызды құрады.

Осы сауалнама бойынша Путиннің танымалдық деңгейі 74,1 пайыз деп жарияланды.