Лавров: АҚШ ән-Носрат майданының позицияларын атысты тоқтату аймағына жатқызуға әрекет жасады
(last modified Thu, 05 May 2016 13:23:00 GMT )
Maм 05, 2016 19:23 Asia/Almaty
  • Лавров: АҚШ ән-Носрат майданының позицияларын атысты тоқтату аймағына жатқызуға әрекет жасады

Ресей Сыртқы істер министрі «АҚШ Алеппо облысындағы ән-Носрат майданының позицияларын атысты тоқтату аймағына жатқызуға әрекет жасады" деді.

«Әл-Әлам» ақпарат базасының мәліметі бойынша, Сергей Лавров сәрсенбі күні «Спутник» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Америкалықтар келіссөздер кезінде Сириядағы тыныштық орнатылған аймақтардың шекараларын ән-Носрат майданы тобының позицияларына енетіндей белгілеуге әрекет жасады, бірақ Ресей мұндай іс-әрекетке рұқсат бермеді, өйткені мұндай ұстанымды қабылдауға болмайды» деді.

Лавров Түркия Премьер-министрінің бұл елдің Сирияға құрлықтан әскери араласу ықтималы туралы сөзіне реакция білдіріп: «Ресейдің әуе күштері Сирияда тұрған жағдайда Түркия мен Сауд Арабиясы Сирияға құрлық күштерін аттандырмайды»,- деп баса айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі сонымен бірге Ресейдің Сирия Президенті Башар Асадты қолдайтынын қуаттап: «Мәскеу лаңкестікпен күрес және халықтың бірлігі мен Сирияның территориялық біртұтастығын қорғау тұрғылары бойынша Башар Асадты қолдайды»,- деп мәлімдеді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сириядағы лаңкестік топтарды қолдағаны үшін Түркияны тағы да айыптап: «Түркияның шекаралары Сирияға қару-жарақ пен қарулы адамдарды тасымалдайтын және Сирияның мұнайы мен тарихи мұраларын талан-таражға салып, әкететін көптеген жолдарға ие»,- деп баса айтты.